Білім беру, жастар саясаты, дін, денешынықтыру және спорт салаларында «ЖАҢАРУ» РҚБ мүшелері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейтті

37

Аталмыш бағыттағы жұмыс, әсіресе, Ақтөбе өңірінде белсенді жүргізілуде. Жуырда ғана облыстың Қоғамдық кеңес мүшелері комиссия құрып, оның құрамына «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ-нің 11 қызметкерін сайлап алған болатын. Бір айта кетерлік жәйт, қоғамдық дерт дендеп енген білім беру, жастар саясаты, дін, денешынықтыру  және спорт сынды әлеуметтік секторды қамтитын  6-шы комиссияға «ЖАҢАРУ» РҚБ Ақтөбе қалалық кеңесінің мүшесі Мұрат Қойлыбаев төраға болып тағайындалды. Айта кетелік, Оралбай Әбдікәрімовтің төрағалығымен жемісті еңбек етіп жатқан «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ елге етене таныс.

— Мен ауған соғысының ардагерімін. Қазіргі таңда өңір жастарымен патриоттық бағытта біршама жұмыстар атқарып жатырмын. Екіншіден, спортшымын. Кеңес одағының күрестен спорт шеберімін. Осы салаға да көңіл бөлу қажет. Әрі қарай, діннен де алыс емеспін. Имамдармен, теологтармен  тығыз байланыс жасаймын. Сондықтан, 6-шы комиссия атқаратын әлеуметтік сектордың жұмысы осы бағыттарды қамтиды. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оны әр күн сайын ортамыздан жою, барша азаматтың адамдық борышы деп есептеген жөн, — дейді Мұрат Қойлыбаев.

Ұлту Жүзбай