Батыс-Қазақстан облысы «ЖАҢАРУ» РҚБ-нің уәкілдері өңірдің Қоғамдық кеңесіне жаппай мүшелікке өтті

176

Сыбайлас жемқорлық сынды қоғамдық дерт мемлекеттің барлық саласынан көрініс тауып жатыр. Осы орайда «ЖАҢАРУ» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Оралбай Әбдікәрімов айғақтаған «Пара алмау, бермеу және өзгелерге осыған жол бермеу!» үндеуі елге тарап, жер жерде қызу талқылануда. Ерекше белсенділікпен осы жолдағы күрес Батыс Қазақстан облысында да жүргізілуде. Жуырда аймақ маслихатының депутаттары жасақтаған Қоғамдық кеңеске «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ БҚО филиалының облыстық және қалалық 14 уәкілі мүшелікке енді. Бұл, өңірдегі халық қалаулыларының пікірінше, кеңесте нәтижелі жұмыс атқаруға үлкен серпін бермек.

 — Қоғамдық кеңес пен «ЖАҢАРУ» РҚБ бет алған бағыты бір. Екі жақ та қаржылық бақылауды басты назарда ұстайды. Сондықтан бірлесіп жұмыс жасасақ нәтижесі оңынан болады. Себебі сыбайлас жемқорлық кез келген ортада белең алып жатқан шақта жұмылып жұдырық болсақ ең келең алды-ау деген жағдайлардың да бетін қайтаруға болады деп ойлаймын, —  дейді «ЖАҢАРУ» РҚБ Орал қалалық филиалының басшысы Аққали Әубәкіров.

  Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысы сыбайлас жемқорлық жемдеген қауіпті үш аймақтың атарында болмағанымен, оның алдын алу шаралары ешбір артықтық етпейді, дейді оралдықтар.

Ұлту Жүзбай