БАҚҰЛ БОЛ, ЖАНЫ ЖАЙСАҢ АРДАҚТЫ БАҒИРА АНА!

282

«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ-і ұжымы әріптесіміз генерал Сейтжан Қойбақовқа анасы

БАҒИРА

дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен туған-туыстарына, дос-жарандарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.
Жан-дүниесі жайсаң, ерекше мейірім-шуақ иесі Қойбақовтардың БАҒИРА анасы, жалпы көрісіп-білгенге ұстаздық тәжірибесі мол, аса мазмұнды, мағыналы, өнегелі өмір сүрген ананың бейнесі көз алдымызда.
Замандас Аналардың ішінен ерекше сыйлас, әзілі жарасқан, келбеті әдемі, аппақ, жүріс-тұрысы сымбатты жан 96 жасында Алланың панасына аттанды.
Бағира Анамыздың шын туған уақыты 1927 жылы екен. Мұндай 96-ы жастағы абыз анамыз біз үшін аса қадірлі жандар.
Жаны жайсаң адам еді! — дейді жерлестері.
Анамыз кім болса да алдына келген қазақ баласымен шүйіркелесіп мейрамын төгіп тұратынды, жан баласына қиянат жасап көрмеген қарапайым, кішіпейіл, адал ана еді!
Өзі де киелі Жамбыл өңірінің түлегі, текті ұрпағы еді.
100-ге тарта ұрпақ тәрбиелеп, қанша жас шуағына шомылды.
Арайлы Тараз жеріне жәннатыңа аттандыңыз. Алланың панасында, иманы саламатты, жаны жәннатта, жатқан жері жайлы, топырағы мамық болсын!
Бақұл бол, жаны жайсаң ардақты Бағира Ана!

***
Коллектив Республиканского общественного объединения «Общенациональное движение против коррупции «ЖАҢАРУ» скорбит и выражает глубокое соболезноване генералу Сейтжану Қойбакову в связи со смертью его матери

БАҒИРЫ

Пусть Всевышний воздаст все милости Вашей матери за то, что взрастили и воспитала детей, внуков, правнуков и праправнуков.
За то добро и тепло которые она принесла в династию ҚОЙБАҚОВЫХ и всем окружавшим её людям.