Бүгін «ЖАҢАРУ» РҚБ құрметті төрағасының туған күні

83

Бүін ел ағасы, ардақты азамат, қоғам қайраткері Әбдікәрімов Оралбай Әбдікәрімұлының туған күні. Туған күніңізге орай ұжым атынан құттықтауды қабыл алыңыз.

Қуаныш иесіне әлемдегі бар игі жақсылықтарды тілейміз. Алланың тарту еткен әр күні тек қуаныштардан тұрсын. Тәтті өмірдің бақытына кенеліп, бау-бақшадай көгеріп өсіп-өніп, бақытты да ұзақ өмір кешіңіз. Бала-шаға бақытына бөленіңіз. Бір Алла жақ болсын, жүрген жолыңыз әрдайым ақ болсын.

Шақырып асқақ арман, дулы дүрмек,
Жүресіз жүректерден жылу іздеп.
Алатау – арқа сүйер ағамызсыз,
Жалғайтын жолыңызды ініңіз көп.

Ізетті қалпынан еш өзгермеген,
Инабатты, көлденең сөзге ермеген.
Жақсылық жасадым деп дандайсымас,
Бәрінде парасатпен безбендеген.

Мәрт жүрек әспеттеген сырласын әр,
Қозғалмас тау қозғалса тұлғасы бар.
Өзіңдей көріп жұрттың барлығын да,
Жасауға бір жақсылық күнде асығар.

Дауырығып бостан босқа ісінбеген,
Өзгеге көлеңкесін түсірмеген.
Адамсыз шен-шекпенге қызықпаған,
Әр сөзің дәлелденген ісіңменен.

Бүкіл жұрт мәрттігіңді қылған аңыз,
Алтынмен жазылыпты жылнамаңыз.
Құрметтеп, хан көтеріп төбемізге,
Ағажан, өзіңізден үлгі аламыз.

Ізгі тілекпен: «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа

қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ ұжымы