«Азаматтық бақылау» мекемеснің назарына алынды

103

«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Нұр-сұлтан қалалық филиалының өкілдері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №14 қалалық емханасы «ШЖҚ МКК ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесуде «ЖАҢАРУ» РҚБ Нұр-сұлтан қаласының филиалының директоры Дәулеткерей Рахметуллин «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының нормаларын түсіндіру бойынша дәріс оқыды.
Кездесу Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен, департаментімен 2021 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде өткізілді.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша филиалы, «Nur Otan» партиясының филиалы, «ЖАҢАРУ» РҚБ мемлекеттік медициналық қызметтер көрсету сапасын жақсартуға, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, жалпыға бірдей құқықтық тәртіпті, қауіпсіздікті құруға бағытталған.

Сонымен қатар, емхана 2020 жылдың қараша айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Жеңіс даңғылы, 81-үй мекенжайы бойынша орналасқан, емдеу мекемесіне бейімделмеген 6 қабатты ғимаратта орналасқан. Лифтілер істен шығып, санитарлық норма талаптарға сәйкес келмейді. Тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың назарын аудара отырып, шұғыл шаралар қабылдау қажет.
Аталған нысан «Азаматтық бақылау»мекемеснің назарына алынды.