Атыраудағы ауқымды басқосуда өткір мәселелер талқыланды

530

Бүгін «ЖАҢАРУ» РҚБінің «ЖАҢАРУ АЛАҢЫ» студиясында онлайн режимде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен «ҮЕҰ-ын, сарапшылар қауымдастығын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысуын кеңейту» әлеуметтік жобасы шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәріс өткізілді.

Іс-шараға белгілі мемлекет, қоғам қайраткері, «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасы Оралбай Әбдікәрімов, Атырау облысы Әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, «ЖАҢАРУ» РҚБі Төрағасы орынбасары, жоба жетекшісі, заңгер Дәулеткерей Рахметуллин, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт Жанұзақұлы, «ЖАҢАРУ» РҚБ Кеңесінің мүшесі, филология ғылымдарының докторы Бейбіт Мамраев, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму Министрінің штаттан тыс кеңесшісі Тимур Жұмырбаев, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Саламат Идирисов, «ЖАҢАРУ» РҚБ Атырау облысындағы филиалы директорының орынбасары Габдрахим Жаңбырбаев лекцияға белсенді қатысып, сөз алып, өз пікірлерін айтып, ұсыныстар жасады.

Сондай-ақ онлайн лекцияға Атырау облысының мемлекеттік органдарның өкілдері, облыс, аудан, қала мәслихатарының депутаттары, «NUR OTAN», КНП, «Ақ Жол», «Ауыл» партиялар, ҮЕҰ, ҰКП өкілдері, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері,
БАҚ, «ЖАҢАРУ» РҚБ активі қатысты. Жалпы бүгінгі лекцияға 75 аудиторияда белсенділер қатысып отырды.

Іс-шара отырысын, жоба жетекшісі модератор — «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасының орынбасары, Нұр-Сұлтан қалалық филиалы директоры Дәулеткерей Рахметуллин жүргізіп отырды. Дәріс бағдарламасы мазмұнды болды, сөз сөйлегендер іс-шараға қатысушыларды өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Оралбай Әбдікәрімов қазіргі уақытта халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырумен қатар, жалпыға бірдей вакцинациялау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігіне назар аударды. «Біздің міндетіміз — сыбайлас жемқорлықты анықтау және жазалау емес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ескерту, ал мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлықты жасаған қылмыскерлерді жемқорлық іс-қимылдарын ашып, әшкерелеп, оларды сотқа жүгіндіру, жауапкершілікке тарту. Болашақта мемлекет қызметкерлері, қылмыс жасамау үшін ашық түрде жұршылыққа жария ету», — деді О.Әбдікәрімов.

Іс-шара барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментінің бірінші орынбасары Айдос Мамыт сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі бойынша тиісті органдарға жүгінген қоғам қайраткерлерін, азаматтарды көтермелеу туралы іс-шараға тоқталып, осы бағытта вакцинациялау паспорттарын қолдан жасаудың алдын алу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытында жүргізіліп жатырған шаралар туралы мәлімет берді.

Оралбай Әбдікәрімов осындай ауқымды іс-шараға қатыспағаны үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті басшылығы туралы Әкім орынбасары Бақытгүл Хаменованың назарына салды. Себебі мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық, сондай-ақ, мұғалімдерді даярлау, жастар мен халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, тәрбиелеу әдістері бойынша, сыбайлас жемқорлық қылмыстарды қайда және кімнің бәрінен көп жасайтынын анықтау мақсатында әлеуметтік сауалнамалар жүргізу, жергілікті жерлерде мониторингтік топтар құру бойынша сапалы білім беру мәселелері, сондай-ақ тек бір аймаққа ғана емес, бүкіл елге қатысты басқа да өзекті мәселелер көтерілді.

Қорытындылай келе, Оралбай Әбдікәрімов іс-шараға қатысқаны үшін барлығына алғыс айтып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша бірлескен жұмыста табыс, сондай-ақ денсаулық пен амандық тіледі.