Атқарылған жұмыстар ауқымды

52

«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық, қозғалыс республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы 2019 жылы қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған «нөлдік» төзімділік таныту, қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарғаны анық байқалады.

Соның жарқын дәлелі жыл басында облыстың бірқатар маңызды мемлекеттік, қоғамдық, кәсіпкерлік ұйымдардың басшыларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара іс-қимыл жасау бойынша бірлескен Меморандум қабылданды.
Атап айтқанда, 2019 жылдың 12 ақпанында «Нұр Отан» партиясының Жамбыл облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесімен, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен, облыстық қоғамдық кеңеспен, облыстық кәсіподақтар орталығымен, кәсіпкерлер палатасымен және облыстық ардагерлер кеңесімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, дерттің алдын алу бойынша уағдаласқан Меморандум қабылданды.
Сонымен қатар, Жамбыл облыстық филиалының директоры облыстық қоғамдық кеңестің, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиал жанындағы қоғамдық кеңестің, Әдеп жөніндегі кеңесінің, облыс әкімі жанындағы ведомство-аралық кеңестің мүшесі ретінде облыста өтіп жатқан барлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға, форумдарға, семинар-кеңестерге, көптеген кездесулерге атсалысуда.
Бұл жұмыстардың бәрін қоғамдық негізде, ақысыз атқарылып жатқанын айта кеткен жөн. Одан басқа бірқатар мемлекеттік органдардын кадрлық конкурстарына қоғамдық бақылаушы болып отыр.
Мәселен, облыстық қазынашылық департаментінде, облыс әкімдігінің білім басқармасында, мемлекеттік қызмет істері департаментінде, облыс әкімдігінің аппаратында, облыстық соттың аппаратында, ауыл шаруашылық инспекциясында өткен конкурстық комиссияларының отырыстарына қоғамдық бақылаушы ретінде қатысқан.
Сол сияқты, мемлекеттік қызметшілер форумына, азаматтық қоғам форумына, «Нұр Отан» партиясының форумына, және облыстық халықтар Ассамблеясының конференциясына қатысып , баяндамаар жасалынған.
2019 жылдың 13-20 мамыр аралығында Қордай ауданының көптеген мекемелерінде, еңбек ұжымдарында өткен сайлау алдындағы жиналыстарға, Президентке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі ретінде , ал 9 маусым күні Президент сайлауына қатысып, 13 маусымда Нұр-Султан қаласында өткен Президентті Ұлықтау (Инаугурациясына) салтанатты рәсіміне шақырылып, облыстық делегациясының құрамында болды.
Ал 2019 жылдың қазан айында Орал қаласында өткен республикалық «Дөңгелек үстелге» қатысқан.
Жамбыл облыстық филиалының директоры қоғамдық сарапшы ретінде Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов аудандарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстарын зерделеп партия филиалы жанындағы қоғамдық кеңестің көшпелі отырыстарында хабарлама жасағаны баршаға аян.
Қ.Төлендиев оған қоса, облыстық «Азаматтық альянс» үкіметтік емес ұйымының Доңгелек үстеліне қатысып сөз сөйлеп, көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімшесінде семинар- кеңес, Н.Тлендиев мектебінің Дөңгелек үстеліне, облыстық Біріңғай зейнетақы қоры, «Көне Тараз » мекемелерінде, Минералдық тыңайтқыштар заводында, Ұлттық банк филиалында, №12,18,33,59 және №60 мектептерде, облыстық фермерлер одағында, Драма театрында, Теміржол Депосында, облыстық спорт басқармасында, әскери- қорғаныс бөлімінде, қазынашылық департаментінде, жасөспірімдер сарайында, Тараз қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасында кездесулер өткізіліп қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, алдын алу, коррупцияға қарсы мемлекет саясаты жөнінде еркін форматта әңгіме жүргізіп келеді. Аталмыш азаматтың мұрындық болуымен Барлығы 18 іс-шара өткізіліп, оған 1224 адам қамтылды.
Сонымен қатар, 9 желтоқсан – халықаралық жемқорлықпен күрес күніне арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің департаменті ұйымдастырған форумға қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, қоғам белсенділеріне «ЖАҢАРУ» бірлестігі Төрағасының Алғыс хатын табыс етілді. Қ.Төлендиев сол жиында Агенттік төрағасы Алик Шпекбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
2019 жылдың 27 желтоқсан күні Қ.Төлендиевті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті жанында құрылған Ақпараттық, ағарту-насихаттау штабының басшысы етіп бекітті. Содан бері әртүрлі, 1300 адам қамтылған 21 кездесулер өткен.
Ал 2020 жылдың 12 ақпан күні «ЖАҢАРУ» филиалының бастамасымен «Анти-Корр» орталығында 6 ұйымның, органдардың басшылары біріккен өзара іс-қимыл жасау туралы Меморандум қабылданды. «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Жамбыл облыстық филиалымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Ә.Әшірбаев, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқарма басшысы С.Жорабеков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Ш.Сұлтанхан, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылық басқарма басшысы Б.Нығмашев және «Qazaqstan» РТРК АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры М.Жиенәлі Меморандумға қол қойды.
Ол туралы облыстық телевидениенің жаңалықтарында көрсетілді және әлеуметтік желіде жарияланды.

Қ.Төлендиев,
«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа
қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
РҚБ Жамбыл облыстық филиалының
директоры