Қасымхан Төлендиев: «Адалдық алаңы» жобасының тигізер шапағаты мол»

68

«Жамбыл – адалдық алаңы» жобасының ұжымымен Абай атындағы педагогикалық колледж аббитуриенттерінен экзамен қабылдауда қоғамдық бақылау коммисиясының мүшесі болған «ЖАҢАРУ» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының директоры Қасымхан Төлендиев осындай қорытынды жасады.

  • «Адалдық алаңы» жобасының көп жағдайда нәтижесі оңынан болып жатыр. Менің ойымша, ол мезгілінде іске қосылып, қорытындысы жақсы болады. Өткен жылы да қоғамдық бақылау комиссиясында жұмыс жасағанбыз. Әрине, нәтиже бар. Себебі бұл жолғы жұмысымызда бақылағанымыз, ендігі жерде кәсіби бағыт-бағдарды «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірігіп жұмыс жасау арқылы анықтайтын болады. Мәселен оқу бітірушінің қандай мамандық таңдайтыны мамандықтың қажеттілігіне байланысты айқындалмақ, — деді «ЖАҢАРУ» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының директоры Қасымхан Төлендиев.

Жалпы «Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы басшысы мен қоғамдық ұйым мүшелері мақсатты жолдағы істің оңынан болып, колледж абитуриенттерінің еш құқығы бұзылмай, барлық экзамен де, құжат қабылдау тәртібі де бұзылмай өтіп жатқанын ерекше айтты.

Менш.ақп.