Қасымхан Төлендиев: «Абыройлы қызмет – адал еңбектің жемісі»

327

Мемлекеттік қызметкерлер күні қарсаңында Жамбыл облысында облыстық Статистика департаментінің ұйымдастырумен «Үздік мемлекеттік қызметкер» сайысы жарияланып, бірқатар әділқазылардың шешімі бойынша абыройлы қызмет атқарып жүрген мемлекеттік орган жұмысшылары марапатқа ие болды.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Қордай ауданының Статистика бөлімінің маманы Мадина Ормахаева, 1-ші орынды Талас ауданының Статистика бөлімінің басшысы Светлана Макамбетова, 2-ші және 3-ші орындарды облыстық Статистика басқармасының бас мамандары Жаннур Сейсенбекова мен Қарлығаш Байшолтекова иеленді.

Жеңімпаздар алдында сөз сөйлеп, жылы лебізін жеткізген облыстық Статистика басқармасының басшысы Сырым Мадиев алдағы уақытта қызметкерлерге абыройлы еңбек тілеп дипломдар мен ақшалай сыйлыққа сертификаттарды табыстады.

 Әділқазылар алқасына мүшелік еткен «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының директоры, Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі Қасымхан Төлендиев адал еңбекпен талай белестерді бағындыруға болатынын тілге тиек етті.

Сіздерді шын жүректен бүгінгі төл мерекелеріңізбен құттықтаймын. Болашақта биік белестерді бағындырып, елге адал қызмет етіп, үлгілі азамат болуларыңызға тілектеспін. Абыройлы қызмет – адал еңбектің жемісі, — деп Қасымхан Төлендиев жүрекжарды лебізін жеткізді.

Менш.ақп.