Қарағанды облысындағы маңызды кездесулер

70

Осы күндері ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдау және оның сайлауалды бағдарламасымен таныстыру мақсатында мемлекет және қоғам қайраткерлері, «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрметті төрағасы Оралбай Әбдікәрімов, қоғамдық бірлестік төрағасының орынбасары Бейбіт Мамраев, Дауылбай Құсайынов Нұра ауданында халықпен кездесулер өткізіп жүр.

Қ. Тоқаевтың сайлауалды «Әлеуметті мемлекет. Әлеуметті экономика. Әлеуметті қоғам» бағдарламасының негізгі бағыттарын жерлестерімен, ауыл тұрғындарымен жан-жақты талқылады. Ауылды тез арада дамытуға мемлекет тарапынан жағдай жасау, ауыл шаруашылығы саласында жасалатын техниканы лизингке беру, егін егуге, жайылымдыққа игерілмей қалған жерлерді қайтару, суармалы жерлердің көлемін кеңейту және тағы басқа ауылдың экономикалық, әлеуметтік өмірін дамыту алдымыздағы уақытта жүзеге асыруға болатындығын ауыл азаматтары ризашылықпен қабылдады. Өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Сонымен қатар, аталмыш бағдарламаның негізгі бағыты ретінде- сыбайлас жемқорлықпен үздіксіз жан-жақты күресу мәселесіне кандидаттың ерекше басымдық беріп отырғанына қалың жұртшылық қолдау білдірді.
Нұрадағы маңызды кездесулер- ұлт жанашырларының өз бастамаларымен «Әділетті Қазақстан жолындағы» азаматтық борышы ретінде- ел болашағы үшін жасалатын нақты, жаңаша қадамдардың жастарға беретін үлгісінің көрінісіндей сипат алды.

«ЖАҢАРУ» РҚБ -нің ресми ақпараттық қызметі