Қарағанды өңірінде жемқорлықты ауыздықтау шаралары жалғасуда

159

Аталмыш іс-шара үш бағытта, яғни тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға жағдай жасау, қоғамдық бақылауды нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру кезеңдерімен жалғасуда. Ол мақсатта «Сыбайлас жемқорлықтан азат өңірлер» жобасы мен өңірлік «Сарыарқа – адалдық алаңы» жобасы мұрындық болып отыр.

— Осы орайда қоғамдық құқық қорғау органдарының, бірінші кезекте полиция жұмысының түбегейлі жақсаруын күтетіндіктен, аталмыш жұмысты «Сарыарқа – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қызметінің шеңберінде ішкі істер саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп ұйымдастырылатын болады,- деп атап өтті жоба жетекшісі Бауыржан Хусаинов.

Қарқынды жұмысты нақтылау үшін ҚР ІІД Б.Бейсенов атындағы ҚА-ның курсанттары мен оқытушыларының сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу үшін дербес жауапкершілікті арттыру мақсатында келісімге қол қойылды.

Аталмыш келісім аясында қызметкерлер мен курсанттар  протекционизм (қолдампаздық) фактілеріне жол бермеуге, мекеме курсанттары мен олардың ата-аналарынан, қамқоршыларынан ақша жинау фактілеріне жол бермеуге және өзге теріс әрекеттерді болдырмауға міндеттенеді.

Департамент басшысы Жандос  Сәрсеновтың сөзінше өскелең ұрпақты ересек жастан бастап, яғни орта және жоғары оқу орындарында қайырымды да адалдық рухында тәрбиелеу жас мамандар арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы иммунитетті қалыптастырмақ.

Менш.ақп.