Алматыда жастар форумы өтті

85

«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Алматы қалалық филиалы мен Алматы энергетика және байланыс университетімен бірлесіп «Абай және құқықтық тәрбиенің өзекті мәселелері» атты жастар форумын өткізді.

Ұлы ақын Абайдың қара сөздері-еліміздің болашағы үшін өскелең ұрпақты тәрбиелеудің негізі тәрбиелік құралы болып қала бермек. Авталмыш жастар форумынның негізгі мақсатыда осы жастардың бойына ұлттық тірбиені сіңіру болып табылады.
Сондықтан болар форум бағдарламасында тақырыптық хабарламалардан басқа, жастардың музыкалық шығармаларды орындау және ұлы ағартушының өлеңдерін жатқа оқу қатысушыларға үлкен әсер сыйлады.
Шараға Қ.Мұхамеджан философия ғылымдарының кандидаты, әлеуметтік пәндер кафедрасының профессоры. Г. Даукеева, А. Жұматаева әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері. М. Ауэзова, гуманитарлық ғылымдар магистрі, Е.Урстембек РЭТк 18-4 aues ат. Г. Даукеева, К. А. Токушев – «Sanaly Urpag» жобалық кеңсесінің басшысы, Г. Ануарбекова – Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының бас маманы қатысып сөз сөйледі.
«Sanaly Urpag» жобалық кеңсесінің басшысы өз сөзінде форумға қатысушылардың назарын «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚРЗ негізгі ережелеріне аударды.
Отырыс соңында «ЖАҢАРУ «сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Алматы қалалық филиалының директоры Қ. Өскенов Абай әзірлеген ережелердің жинағы шенеуніктер арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты мақалалардың мазмұндалғанын айтты.
«1885 жылы Абай ұсынған кейбір идеялар бүгінгі таңда да өзекті болып отыр.Бүгін Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа барлық мүдделі топтар – оқушылар, студенттер, оқытушылар, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, тәуелсіз сарапшылар, волонтерлер және т.б. тартылуда.Абайдың Қара сөздері барлығы үшін, әсіресе жас ұрпақ үшін үлкен маңызға ие. Ақынға құлақ салып, өз халқының салт-дәстүрлерін ұстануға тырысыңыз. Осылайша біз ұрпақтан-ұрпаққа берілетін қазақ халқының ұлттық кодын сақтай аламыз», -дейді «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Алматы қалалық филиалының директоры Қ. Өскенов.
Форум қатысушыларына Абайдың Қара сөздері мен Алматы қалалық филиалының жұмысы туралы дайындалған бетбелгілер таратылды.