Алдыңғы буын ағалар келешек ұрпаққа қашан да осылай үлгі болуы керек!

23

Жамбыл өңірінде Конституция күніне орай спорттық марафон ұйымдастырылды. Оған «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры, Мемлекеттік қызмет ардагері Қасымхан Төлендиев қатысып бас жүлдені жеңіп алды. Қашан да салауатты өмір салтын ұстанып, «денсаулық – зор байлық» принципін ұстанатын, ұрпаққа үлгі бола білетін Қасымхан Естемесұлы әр уақытта алдыңғы қатарда.

Ұлтқа қызмет – ұрпаққа міндет, — дейді Қасымхан Төлендиев. – Дені сау адамның көпке берері де, үлгі болар ісі де жетерлік. Сондықтан болашақ буын іні-қарындастарым да салауатты өмір салтын ұстанып, кемел келешекке жарқын санамен бағыт алса нұр үстіне нұр болары хақ.

Үміт Битенова,

Жамбыл облысы