Алқалы жиында ауқымды мәселелер айтылды

77

ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс төрағалығымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, «NUR OTAN» партиясының, «ЖАҢАРУ «сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ өкілдерінің қатысуымен онлайн режимінде селекторлық байланыс бойынша «Реттелетін саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу» мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңесте ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Марс Алмабек Марсұлы баяндама жасады.
Сондай-ақ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің парасаттылық департаментінің бас кеңесшісі М. А. Қарғабай, «NUR OTAN» партиясының орталық аппараты партиялық бақылау қызметінің инспекторы В. Б. Есильбаева, «ЖАҢАРУ» РҚБ төрағасының орынбасары Д. Р. Рахметуллин, «ЖАҢАРУ» РҚБ Орталық аппаратының басшысы М. З. Семғалиев, өңірлік инспекциялардың басшылары сөз сөйледі.
Кеңесте ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция қызметіндегі өзекті мәселелер, мемлекеттік инспекторлардың төмен еңбекақы төлеу, арнайы ұйымдастыру техникасының, көліктің жеткіліксіздігі, іссапар шығыстары, тұрғын үй, әкімшілік істер әдістемесін, ауыл шаруашылығы өнімдерін тексеру актілерін жүргізу, тәртіп бұзушыларға қатысты хаттамалар жасау, тәртіптік жаза қолдану және жергілікті жерлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар талқыланды.
Кеңес жоғары конструктивті деңгейде өтті, оны барлық қатысушылар мақұлдады.