Адалдық сағаты

67

Нұр-Сұлтан қаласында парасатты жастарды тәрбиелеп, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және жастардың бойында сыйбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында орта білім беру мекемелерінде жалпыреспубликалық біріңғай «Адалдық сағаты» іс-шарасы өткізлуде.

Осы іс-шара шеңберінде «ЖАҢАРУ» Жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыс» РҚБі Нұр-Сұлтан қалалық филиал аппаратының жетекшici Кабдулла Хамитулы, Hұр-Сұлтан қалалық Дарынды қыздарға арналған «Бiлiм инновация» лицей интернатында мектепте директоры Таймагамбетов Кайрат Серiкұлы, лицей педагог-yйымдастырушысы Асқар Сыздықовпен бірлесе отырып, лицей оқушылар қатысуымен «Адалдық сағатын» өткізілді.
Олар мектеп оқушыларына бүгінгі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен, Білім және ғылым Министрлігінің қолдауымен бүкіл Республика көлеміндегі барлық оқу орындарында бірыңғай «Адалдық сағаттары» өтіп жатырғанын хабарлап, өскелең жас ұрпақтың тәрбиесіне адалдық пен парасаттылық қасиеттерін дәріптеу жастар үшін маңызды бастама екенін жеткізді.
Сонымен қатар, адалдық парасаттылық туралы мақал-мәтелдер викторинасы ұйымдастырылды.
Кабдулла Хамитулы өзі іс-шараны белсенді жүргізді, «Адалдық сағаты» өте қызықты өтті. Лицей окушылары жеке тiлек-пiкipлерiн бiлдipіп, қызықты диалог алаң болды.
Лицей интарнаттағы жылылықтан керемет әсер алдық. Лицей интернатының тазалығы, безендірілуі, оқушыларға жасалған жағдай, олардың тәртібі көзге бірден түсті.
Ұжымның бірлесіп атқарып отырған жұмыстарына сәттілік тілейміз.