«Ақмешіт — адалдық алаңы» жобасы аясында атқарылған жұмыстар талқыланды

7974

Қызылорда облысының әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде мәжіліс өтті.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте «Ақмешіт — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Жандос Тұсмағамбетов медициналық мекемелердің қызметіне жасалған мониторинг нәтижесін баяндап, анықталған кемшіліктерге тоқталды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша аймақ басшысы Қ.Көшербаев жауапты тұлғаларға бір ай мерзім ішінде мониторинг барысында анықталған кемшіліктерді жоюды, медициналық мекеме басшыларын ротациялау жолдарын зерделеуді және кемшіліктерге жол берген жауапты қызметкерлердің қызметке сәйкестігін қарауды тапсырды.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық бойынша қызметкерлерінің қылмыстық әрекеттері үшін бірінші басшылардың тікелей жауаптылығын ескертті.