9 айда атқарылған жұмыстардың барысы сараланды

1946

Ағымдағы жылдың 8 қараша күні Шығыс Қазақстан облысы əкімі аппаратының басшысы А.Мухамедчиновтың төрағалығымен жергілікті атқарушы органдардың 2019 жылдың 9 айында атқарған жұмыстарының қорытындысы туралы кеңес өткізілді.

Кеңестің жұмысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО департаменті басшысының орынбасары Қ.Сапарғалиев жəне басқарма басшысы А.Карманов, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық білестігі»ШҚО филиалының директоры, Əдеп жөніндегі кеңестің мүшесі Ж.Манаков, облыс əкімі аппаратының əдеп жөніндегі уəкілі, персоналды бақару қызметінің басшысы, қалалар мен аудандардың əкімі аппараттарының басшылары жəне жергілікті атқарушы органдардың əдеп жөніндегі уəкілдері қатысты.

Күн тəртібіне сəйкес облыс əкімі аппаратының əдеп жөніндегі уəкілінің есебі, Əдеп жөніндегі кеңестің жұмысы туралы ақпарат жəне Үржар мен Шемонаиха аудандарының əдеп жөніндегі уəкілдерінің жұмыстары қаралды. Аппарат басшысы А. Мухамедчиновпен кеңес соңынан осы саланың жұмысын одан əрі қарай жетілдіру бойынша тиісті хаттамалық тапсырмалар берді.Одан соң жергілікті атқарушы органдардың əдеп жөніндегі уəкілдері үшін арнайы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында оқыту тренингі ұйымдастырылды. Аталған семинар тренинг республика көлемінде алғаш болып өткізілуде .Тренинг екі топпен жұмыс жасау арқылы əдеп жөніндегі уəкілдерге тəжірибелік көмектер көрсетіліп, кейстік тапсырмаларды орындау жұмыстары жүргізілді. Тренингті осы мекеменің директоры Э.Ковалев,  Г.Грызунова  жəне басқа оқытушылар жүргізді. Ал соңынан облыстық драма театрда Рубцовск қаласының (РФ) театрының «Штрихи к портрету» атты спектакль қойылымын тамашалаумен аяқталды.