Деркезінде айтылған ұсыныстар

351

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қырқүйектегі жолдауы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту бойынша келіп түскен ұсыныстарыңызды қарастырып, жауап мазмұны бойынша негiзделген және дәлелдi болуы мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы және Ұлттық экономика министрліктеріне, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сұрау салғанын атап өтеді.

Осыған орай, жоғарыда аталған мемлекеттік органдармен ұсынылған ақпараттың негізінде және өз құзыреті шегінде келесіні хабарлаймыз.
Ұсыныстардың 1-тармағына сәйкес 2020 жылдың соңына дейін экономиканы деоффшоризациялау және қаражатты шетелдік юрисдикциядан қайтару жөнінде шаралар әзірлеу ұсынылған.
Қазіргі уақытта экономиканы ысыру және шетелдік юрисдикциялардан қаражаттарды қайтару жөніндегі шараларды әзірлеу мәселесі өзекті болып табылады.
Ақша қаражатының елден тыс шығуын азайту үшін уәкілетті мемлекеттік органдардың бірлескен шешімімен Қазақстан Республикасының 2020-2021 жылдарға арналған оффшорлы юрисдикциялармен жасалатын операцияларды қысқарту жөніндегі кешенді жоспары бекітілді.

Аталған Жоспар Қазақстан Республикасының тиісті заңнамасына өзгерістер енгізу, ақпараттық жүйелерді интеграциялау және мемлекеттік органдар арасындағы ақпарат алмасу тетіктерін жетілдіру, оффшорлық юрисдикциялармен байланысты операциялар бойынша жеңілдікті тетіктерді жинау және күшін жою жөніндегі шараларды қарастырады.

Сонымен қатар, Жоспар, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі — Агенттік) бастамашылық еткен мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, судьялар, олардың отбасы мүшелері үшін Қазақстан Республикасы шегінен тыс орналасқан шетелдік банктерде шоттар (салымдар) ашу және иелену, ҚР шегінен тыс орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша қаражаты мен құндылықтарды сақтау, шетелдік қаржы құралдарын иелену және (немесе) пайдалану бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу енгізуді көздейді.

Сонымен қатар, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне оффшорлық юрисдикцияға алдына ала төлем күнінен бастап 2 жыл ішінде қанағаттандырылмаған (орындалмаған) жұмыстар, қызметтер және тауарлар бойынша төлемдерге салық салу бөлігінде өзгерістер енгізілді. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап осыған ұқсас норма оффшорлық юрисдикцияға жатпайтын елдер бойынша да енгізілді.
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап төмен салық юрисдикцияларындағы қазақстандық салық төлеушілердің бақылауындағы компания алған кіріске салық салудың жаңа тәртібі енгізілді. Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының резиденттері бақылауындағы шетел компаниясының кірістерінен кіріс салығын есептеуге және ұстауға міндетті.

2018 жылғы 26 маусымда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен әзірлеген Қаржы шоттары туралы автоматты түрде ақпарат алмасу туралы құзыретті органдардың көпжақты келісіміне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен қол қойғанын атап өтеміз.
Анықтама: Келісім катысушы елдер резиденттеріне қатысты күнтізбелік жылдың соңында шоттағы (немесе шоттардағы) қалған ақша қаражаттары туралы жыл сайын мәліметтер алмасудың бірыңғай стандарттарын көздейді. 103 ел, соның ішінде 20-дан астам оффшорлық юрисдикциялар қол қойды. Қазақстан 2021 жылы бірінші автоматты алмасуды жүзеге асыруды жоспарлауда.

Бұдан басқа, 2020 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Ұлттық банкі және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арасында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жалған ақша жасауға қарсы іс-қимыл және валюталық бақылауды жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы үш жақты келісімге қол қойылды.

Ұсыныстардың 2-тармағына сәйкес 2021 жылдан бастап мемлекеттік бағдарламалардың, халықаралық қарыз алудың, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың орындалу барысы азаматтар үшін ашықтығы, жариялылығы және қолжетімділігі жайында.

2016 жылдан бастап мемлекеттік сатып алу процесі жоспарлаудан бастап, төлем жасауға дейін толығымен автоматтандырылған. Бүгінгі күні мемлекеттік сатып алулар веб-порталда онлайн режимінде жүзеге асырылады және
веб-порталдағы барлық ақпарат кез-келген адамға қарауға қолжетімді.
Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік, мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу қағидаттарына негізделген.

Бұдан өзге, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен тұрақты негізде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ұсыныстардың 3-тармағына сәйкес 2021 жылдың бірінші тоқсанында жол картасы түріндегі іс-шаралар жоспарын баяндай отырып, 5 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның жаңа редакциясын әзірлеу және қабылдау ұсынылған.
Агенттік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган ретінде 2015 жылдан бастап орта мерзімді перспективада қабылданатын іс-шаралар жоспары шеңберінде 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруды үйлестіреді.

Жоспарланған іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуы қоғамдық ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, мониторингке, талдауға және бағалауға жатады.
Бұл ретте мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны орындау тиімділігі Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырыстарында кезең-кезеңімен қарастырылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияда айқындалған мақсаттарға қол жеткізу бойынша жалғасып жатқан жұмысты ескере отырып, «жаңа» бағдарламалық құжатты қабылдау туралы мәселе өзекті емес болып көрінеді.
Бұл ретте Жалпыұлттық жоспар іс-шаралары мен мемлекет Басшысының 2020 жылғы 19 тамыздағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңестің хаттамасындағы тапсырмалары әзірленіп жатқан кезекті іс-шаралар жоспарын қайта қалыптастыруға негіз болды.

Ұсыныстардың 4-тармағына сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметінің барынша ашықтығын қамтамасыз ете отырып, өңірлік және орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру жөніндегі ресми рейтингісін енгізу және 13-тармағына сәйкес 2021 жылы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне неғұрлым бейім салалар мен лауазымдар тізбесін айқындау ұсынылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру бойынша өңірлік және орталық мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың ресми рейтингін енгізу, олардың қызметінің барынша ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне неғұрлым бейім мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордағы салалар мен лауазымдар тізбесін айқындау бөлігіндегі бастамалар мемлекет Басшысының 2020 жылғы 19 тамыздағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңестің хаттамасын орындау шеңберінде пысықталып жатқанын атап өтеміз.

Бұл жағдайда, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуы бойынша қолданылатын шараларды ескере отырып, мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлықты бағалау жүйесі әзірленуде.

Ұсыныстардың 5-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы жыл сайынғы Ұлттық баяндаманы дайындауды қоғамдық ұйымдар мен тәуелсуз срапашыламен жүргізу ұсынылған.

Мемлекеттік органдар ел басшылығы мен халқына реттелетін салалар бойынша ұлттық баяндамаларды дайындауды және енгізуді жүзеге асырады.
Бұл ретте, Агенттік жыл сайын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның негізінде қалыптастырады (17-бап).

Бұл институционалдық құжаттың объективтілігі мен толықтығы оның мазмұнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы оң тенденцияларды да, осы жұмыстағы кемшіліктерді де көрсететінін атап өткен жөн. Осы мақсатта Ұлттық баяндамада қоғамның материалдары да ескеріледі.

Сонымен қатар, ұлттық заңнамада қоғамдық ұйымдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы баламалы баяндамаларды дайындауға және жариялауға тыйым салынбаған. Мысалға, «Transparency Kazakhstan» қоғамдық қорының 2018 жылы өткізген «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың жағдайына мониторинг (азаматтық қоғамның көзқарасы)» мақсатты зерттеуі атап өту жөн.

Ұсыныстардың 6-тармағына сәйкес Ұсыныстардың 6-тармағына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларына жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қоғамдық ұйымдар мен тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып жүзеге асыру ұсынылған.
Мемлекет басшысының саяси ерік-жігерінің арқасында 2019 жылы қоғамды кеңінен тарта отырып, нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қалпына келтірілді (бұдан бұрын қабылданағн нормативтік құқықтық актілерге қолданылмайды).

«Құқықтық актілер туралы» Заңның 31-бабының 1-тармағына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптаманы қаралатын жобаның мазмұнына қарай тиісті бейіндегі ғылыми мекемелер, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйым және тиісті бейіндегі жоғары оқу орындары, ғалымдар мен мамандар қатарынан тартылатын сарапшылар жүргізеді.

Үкіметтің 2020 жылғы 16 шілдедегі №451 қаулысымен нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілді, олар оны жүргізуді үйлестіруді «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес айқындалатын ғылыми мекемелерге немесе жоғары оқу орындарына жүктейді.

Қағидалардың 9-тармағына сәйкес үйлестіруші сарапшыларды Қағидалардың 10-тармағы негізінде тартады. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге ниет білдірген және белгіленген талаптарға сай келетін кез келген азамат үйлестіруші құратын сарапшылар пулына кіруге мүмкіндігі бар.

Өз кезегінде, азамат сарапшылар пулына енгізілген жағдайда, нормативтік құқықтық актілер жобаларын сараптауды ол үйлестіруші мен сарапшы арасында жасалатын азаматтық-құқықтық шарттың талаптарына сәйкес өтеулі негізде жүзеге асыратын болады.

Ұсыныстардың 7-тармағына сәйкес ҚР Парламентінің Мәжілісінде елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру жөніндегі шаралар бойынша парламенттік тыңдаулар өткізу және 8-тармағына сәйкес барлық деңгейдегі маслихаттарда қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, өңірлердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың құқық қолдану практикасына талдау жасау ұсынылған.

Конституцияға және «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес Парламент Мәжілісіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша парламенттік тыңдаулар өткізу функциясы жүктелмеген.
Осыған ұқсас өкілеттіктер «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заңмен реттелетін жергілікті өкілді билік органдарына да қатысты.

Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 20-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға осы саладағы өкілеттіктердің кең спектрі жүктелген, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру және үйлестіру, сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау және осы салада әлеуметтік зерттеулер жүргізу.

Бұдан басқа, 2002 жылдан бастап ҚР Президентінің жанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жұмыс істейді, онда осы тақырып бойынша, оның ішінде осы саладағы заңнаманы жетілдіру бойынша мәселелердің кең тізбесі қаралады. Комиссияның құрамына орталық атқарушы органдардан басқа Парламент Мәжілісі мен Сенатының нысаналы комитеттерінің төрағалары кіреді.

Сіз ұсынып отырған бастамалар Президенттің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығымен бекітілген Комиссия туралы Ереженің 2-тармағына сәйкес көрсетілген кеңесші орган қызметінің айрықша құзыретіне жатады.

Ұсыныстардың 9-тармағына сәйкес Парламент, мемлекеттік және сот органдарында ел Президентінің мемлекеттік қызметшілер мен басшыларды шетелдік банктер мен сол банктер құзырындағы ақша қаражаттарды және активтерді олар белгілеген мерзімде сақтау бөлігінде шектеу жөніндегі тапсырмалардың сөзсіз орындалуын қамтамасыз ету ұсынылған.

Мемлекет басшысының 2021 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілерге, депутаттарға, судьяларға және олардың жұбайларына шетелдік юрисдикцияларда активтерді иелену бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу енгізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейту (сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдар үшін мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күшін жою, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, судьяларды, пара берушілер мен пара алуға делдалдарды сыбайлас жемқорлық үшін жазаны қатаңдату) жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Агенттік барлық орталық және жергілікті атқарушы, сондай-ақ Премьер-Министрдің Кеңсесі тиісті заңнамалық түзетулер топтамасын бекітті (қазіргі уақытта жоба Президент Әкімшілігінің келісуінде).

«Құқықтық актілер туралы» Заңның талаптарына сәйкес аталған жоба келісу рәсімдері аяқталғаннан кейін Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілетін болады.

Ұсыныстардың 10-тармағына сәйкес мемлекеттік саяси қызметшілердің және квазимемлекеттік сектор басшылары мен олардың отбасы мүшелерінің кірістері, шығыстары мен мүлкі туралы декларацияларды міндетті түрде жариялауды заңнамалық тұрғыдан практикаға енгізу ұсынылған.

Саяси мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор басшыларының, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің кірістері, шығыстары мен мүлкі туралы декларацияларды міндетті түрде жариялауды заңнамалық енгізу бөлігінде тиісті түзетулер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның шеңберінде 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетінін атап өтеміз (11-бап).

Мұнда заң шығарушы «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын атқаратын тұлғалардың, Парламент депутаттары мен судьялардың тізбесіне қосымша енгізе отырып, осы норманың қолданылу аясына жататын адамдардың санаттарын едәуір кеңейтілген.

Жоғарыда көрсетілген мәліметтерді кадр бөлімшелері тиісті билік органдары мен ұлттық компаниялардың ресми интернет-алаңдарында орналастыратын болады.

Ұсыныстардың 11-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа барлық көріністерінде қоғамдық қабылдамауды қалыптастыруға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау бойынша ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттардың саны мен көлемін ұлғайту ұсынылған.

2021 жылы Министріктің Азаматтық қоғам істері комитетімен «ҮЕҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға сарапшылық қоғамдастықтың қатысуын кеңейту» гранттық жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асырылу жоспарлануда.
Аталған Жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа азаматтық сектор өкілдерін тарту арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласында сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыруға бағытталған. Жоба шеңберінде азаматтық қоғамды және «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесін тарта отырып, пікірталас және оқыту алаңдары ұйымдастырылатын болады, оның нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметтерді ұсыну бөлігінде ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ұсынымдар әзірленетін болады.
Жоба 14 облыс пен Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында жүзеге асырылады.

Ұсыныстардың 12-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу жүргізетін журналистер мен басылымдарға мемлекеттік қолдау мен қорғауды қамтамасыз ете отырып, журналистік тергеу жүргізуді ынталандыру ұсынылған.
Ақпарат саласын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған ұлттық жоспары шеңберінде отандық бұқаралық ақпарат құралдарын мемлекеттік қолдау тәсілдерін қайта қарау арқылы отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру көзделген.
Атап айтқанда, Министрлік мемлекеттік ақпараттық тапсырысты бөлу жүйесін жетілдіру және іске асырудың тиімділігін арттыру мәселесін қарастыруда.
Қазіргі уақытта Республикалық бюджет есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін және Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын жетілдіру мақсатында маркетингтік зерттеу жүргізілуде.

Бұл ретте мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде журналистік зерттеулерді, шолу материалдарын, сараптамалық мақалаларды және басқаларды қоса алғанда, талдамалық материалдардың үлесін ұлғайту жоспарлануда.
Сонымен қатар, «Хабар» мемлекеттік телеарнасында «Журналистік тергеу» телебағдарламасы көрсетілуде, осы бағдарлама шеңберінде қылмыстық сипаттағы түрлі салалар қозғалады, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары да кеңінен қамтылған.

Осыған орай, «Журналистік тергеу» телебағдарламасының тақырыптық бағытына ұқсас телебағдарламалар санының артуысыбайлас жемқорлық қылмыстарына жағдайлар жасалудың алдын алуға әсер етеді деп есептейміз.
Бұған қоса, журналистің кәсіби қызметін жүзеге асыруына байланысты қоғамдық маңызы бар мақсаттарды көздеген адам ретінде оның ар-намысын, қадір-қасиетін, денсаулығын, өмірі мен мүлкін қорғауға кепілдік берілетінін атап өтеміз.
Мәселен, БАҚ-тың заңды қызметіне кедергі келтіретін тұлғаларға қатысты қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік шаралары қарастырылған.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінде сайлау кезеңінде БАҚ-тың заңды қызметіне кедергі келтіргені үшін 119 және 126-баптар бойынша әкімшілік жауапкершілік, ал ҚР Қылмыстық кодексінің 158-бабында журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Ұсынылған жауаппен келіспеген жағдайда, сіз оған «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес шағымдануға құқығыңыз бар екендігін ескертеміз.

Жауапты хатшы Ж. Қожахметов